Алакөлдегі өрт. 4 демалыс базасы өртенгені белгілі болды

/image/2022/07/05/crop-47_6_649x1153_a285fa9b2b4777f16944ee73e6d7fe3b_1280x720.jpg
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Үржар ауданы Алакөл көліндегі демалыс базаларындағы өрт 3 мың шаршы метрді қамтып, тілсіз жаудан 4 демалыс базасы зардап шеккенін мәлім етті.
 
Өрт "Керуен" демалыс орнында басталып, ұйытқыған жел салдарынан лезде "Айгерім", "Әлихан", "Жібек жолы" базаларына қарай өткен. Өртенген демалыс базаларының қонақтары көрші базаларға орналастырылған.
 
Өртті сөндіруге 6 сағатқа жуық уақыт кеткен.
 
7 адам медициналық көмекке жүгінген.
 
Қазіргі уақытта жедел штаб құрылып, өрттің шығу себебі анықтап жатыр.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар