Баспасөз хабарламасында құбыр желісі заң бұзушылық үшін айыппұл төлеп, жұмысын жалғастыра беретіні айтылған.
"КҚК Ространснадзором анықтаған бұзушылықтарды реттеу үшін компания қызметін бір айға тоқтату туралы сот шешіміне шағымданды. КҚК – Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі маршрут. Ол бойынша жылына 67 млн тонна "қара алтын" айналып жатыр. Компания тыйымды алып тастауға шағымды 6 шілдеде жіберді. Аппеляцияялық сот аудандық сот шешімін өзгертіп, КҚК-ге 200 000 рубль (шамамен 1,5 миллион теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тайындады. Қаулы күшіне енді" делінген сот хабарламасында.
КҚК заң бұзушылықтар мейлінше қысқа уақытта реттелетінін мәлім еткен.
Пікір қалдыру