Катонқарағайда әуежай салынуы мүмкін

/image/2022/07/14/crop-10_75_562x999_whatsapp-image-2022-07-14-at-15.04.59.jpeg

ШҚО Катонқарағай ауылында әуежай пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып хабарлады.

Өңірде Өскемен, Үржар әуежайлары қайта жаңғыртылды, соңғысы енді жаңа – Абай облысына жатады. Әкімнің айтуынша, келесі кезеңде Зайсан әуе айлақтарын қайта жаңарту жалғасады, Катонқарағай ауылында әуежай салу мүмкіндігі қарастырылады.

– Қайта жаңартудан кейін Өскемен әуежайы Boeing 747 ұшағын қоспағанда, үлкен әуе кемелерін қабылдай алады. Жалпы, қайта құру экономикалық компонентті арттыру үшін жасалды. Қазір онда жүк терминалын, уақытша сақтау қоймасын салып жатырмыз. Біз еліміздің ірі қалаларымен бәсекеге түсе аламыз, – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар