Автомобиль жолының құрылысы келесі жылы аяқталып, Талдықорған мен Өскеменді байланыстырады. Бүгінде «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолының Шығыс Қазақстан аумағындағы бөлігі 454 шақырымды құрайды.
– Негізгі жол төсемі төселді, енді абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, жекелеген элементтерді аяқтау қажет. Орасан зор жұмыс істелді. Келесі жылы жолаушылар сапалы жолмен қатынайды деп сенемін, – деп атап өтті ШҚО басшысы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.
Тас жол бойында бұдан басқа 18 стандартты демалыс орны, стационарлық-гигиеналық тораптар орналастыру да қарастырылған.
Пікір қалдыру