Биыл ШҚО-да маман даярлауға бөлінетін гранттар саны ұлғаяды

/image/2022/07/14/crop-53_5_305x542_2021_07_23_2020_08_15_gr-1000x_.jpg

Гранттар негізінен медицина, білім, құрылыс, ауыл шаруашылығы және көлік қызметтері салаларындағы мамандарды даярлауға бөлінеді. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында хабарлады.

– «Білікті маман» бағдарламасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылуда және оның негізгі мақсаты – өңірдегі мектептер мен колледждер түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін төмендету және облыс кәсіпорындарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Осы себепті, біз ағымдағы жылы міндетті түрде гранттар бөлуді жалғастырамыз, оның үстіне олардың саны 410-нан 450-ге дейін ұлғайтылды, – деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің айтуынша, гранттар дәрігерлерді, педагогтерді, сәулетшілерді, құрылысшыларды, ветеринарларды, спортшыларды, сондай-ақ телекоммуникация, инженерия, өндіріс және өңдеу, тау-кен ісі, стандарттау, сертификаттау, метрология және көлік қызметтері саласындағы мамандарды даярлауға бөлінетін көрінеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар