Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу үшін алдын алу шаралары қабылданып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, «айналым схемасы» бойынша қаржыландыру 4 млрд теңгеге, 11 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Белгіленген бағамен сату үшін 6,5 мың тонна қант сатып алынды. Сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарынан, таяу және қиыр шетелдерден көкөніс пен жеміс тікелей жеткізу ұйымдастырылды.
«Нан бағасын тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясымен жыл соңына дейін келісімшарт жасалды. Қант бағасының өсу ықтималдылығы, бакалея өнімдері қорларының азаю, Ресейге көкөніс өнімдерін жаппай экспорттау тәуекелдеріне байланысты ірі сауда желілеріне қант әкелуге жекелеген квоталар бөлу мәселесі пысықталып жатыр», - деді әкім.
Пікір қалдыру