Биыл Алматыда 138 км электр желілері жаңғыртылады – қала басшысы

/image/2022/07/14/crop-124_8_540x960_62c6b12a4c4a6917594251.jpg

Электрмен жабдықтау саласында 400 мың тұрғынды қамтитын 2 қосалқы электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Биыл «Алмагүл» қосалқы станциясы, 2023 жылдың шілде айында «Тұздыбастау» қосалқы станциясы аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Сонымен қатар осы жылы 138 км электр желілері жаңғыртылады.

«Сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл Қарғалы өзеніндегі су жинау станциясының құрылысын аяқтаймыз. Жылдың соңына дейін Ақсай өзеніндегі су жинау станциясының құрылысына кірісеміз және Ерменсай су құрылысының жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді аяқтаймыз. Жаңа су көздерін салу қосылған аумақтардағы 150 мыңнан астам қала тұрғынын қамтуды қамтамасыз етеді. Биыл шамамен 110 мың адамды қамти отырып, ұзындығы 630 км асатын сумен жабдықтау және канализация желілерінің 16 объектісінің құрылысы. Осы жылдың І жартыжылдығында 45 км желі тартылды. Екінші жартыжылдықта ұзындығы 371 км 10 объектінің құрылысы толығымен аяқталады. Нәтижесінде су құбыры бойынша желілердің тозуы 55,8%-ға, канализация бойынша - 57,5%-ға дейін төмендейді», - деді Алматы әкімі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар