Оңтүстік Қазақстанда мақтаның 32% жиналды

/uploads/thumbnail/20170708195812304_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары мақта алқаптарындағы "ақ алтынның" 32 пайызын жинады, деп хабарлады аймақ әкімдігі. Бұл туралы Қамшы порталы http://today.kz/-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айта өтейік, терім науқаны басталған уақыттан бері 84500 тонна мақта терген шаруалар маусым соңына дейін бұл көрсеткішті жоспарға сәйкес 265 мың тоннаға жеткіземіз деп отыр.

"Мақтаның сатып алу бағасы өткен жылмен салыстырғанда біршама өсіп, 100-105 теңгеге жеткен. "Ақ алтынның" қымбат бағада саудаланып жатқанына мақтаралдық шаруалар дән разы", - делінген хабарламада.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, "ақ алтын", негізінен, Мақтарал мен Шардара аудандарында жиналып жатыр. Ал Отырар, Түркістан және Ордабасы аудандарында терім науқаны енді қыза бастаған.

Айта кетейік, облыста 99,3 мың гектар жерге шитті мақта егілген. Шаруалар мақта алқабының әр гектарынан 26,7 центнерден өнім аламыз деп отыр.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар