Бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде Қазақстан Ресейдің алдына шықты

/uploads/thumbnail/20170708195812991_small.jpg

Жаһандық бәсекеге қабілетті елдердің рейтингінде Қазақстан Ресейдің алдына шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz Дүниежүзілік экономикалық форумға (ДЭФ) сілтеме жасап. Аталған тізімде Қазақстан 4,5 балмен 42-ші орынға жайғасса, Ресей 45-ші сатыда. Біздің ел өткен жылмен салыстырғанда сегіз сатыға жоғарылаған. Бұл туралы Қамшы порталы Baq.kz –ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Биыл Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі жағынан Италия мен Польшаның арасында. Еліміз Ресей, Латвия, Филиппин және Түркия сынды мемлекеттерді артта қалдырды. Ал, тізімнің бірінші орнын осымен жетінші жыл қатарынан Швейцария ешкімге бермей келеді. Екінші орында - Сингапур, үздік үштікті АҚШ қорытындылаған. Германия болса бесінші орыннан төртіншіге жоғарыласа, Нидерланды сегізден бесінші орынға бір-ақ секірді.

ДЭФ әзірлеген бәсекеге қабілетті елдер рейтингінің алғашқы ондығында Жапония, Гонконг, Финляндия, Швеция және Ұлыбритания бар. Қытай болса бұл тізімнің 28-ші сатысында.

Естеріңізге салайық, 2013 және 2014 жылдары Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер арасында 50 орыннан көрінген болатын. Сегіз сатыға жоғарылауымызға еліміздегі жекеменшік сектордың дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, нарықтағы бәсекелестік саясатының дамуы секілді бірнеше фактор себеп болған. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар