Қазгидромет алдағы күндері кей аймақтарда 40-45 градусқа дейін ыстық болатынын ескертті

/image/2022/07/18/crop-20_96_566x1006_143684606148p87_1000x768.jpg

Осы аптада елдің басым бөлігінде аптап ыстық болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

"Апта басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, 20 шілдеден бастап Солтүстік-Батыс циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Батыста және оңтүстік-батыста, 20 шілдеден бастап орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 40-45 градус қатты ыстық күтіледі" делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар