Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов өзі басқаратын "Қазфосфат" компаниясы арқылы заңсыз пайда тапты деген күдікке ілінді, деп жазады КазТАГ ақпарат агенттігі.
"Қазфосфат ЖШС-нің басшылығының үстінен монополия арқылы 697 миллион теңге заңсыз пайда тапты деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды" делінген хабарламада.
Бұған дейін Нұрхан Нұрланов қылмыстық іс фигуранты атанғаны хабарланған.
Пікір қалдыру