Қазгидромет бүгін батыста, ал ертең және арғы күні елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіліп отырғанын хабарлады.
Күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасының +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтерілмек.
Ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендейді деп болжанып отыр.
Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі.
Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +40 +45°С мөлшеріндегі қатты ыстық ауа-райы сақталады.
Пікір қалдыру