Өткен тәулікте Қазақстанда 2684 адамнан коронавирус анықталды. Бұл жөнінде үкімет жанындағы коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ең жоғары көрсеткіш Нұр-Сұлтан (864), Алматы (505) қалаларында және Қарағанды облысында (379) тіркелген. Өзге өңірлер бойынша тәуліктегі жағдай төмендегілей.
- Шымкент қаласында – 84,
- Ақмола облысында – 89,
- Ақтөбе облысында – 33,
- Алматы облысында – 73,
- Жетісу облысында – 74,
- Атырау облысында – 68,
- Шығыс Қазақстан облысында – 20,
- Абай облысында – 43,
- Жамбыл облысында – 81,
- Батыс Қазақстан облысында – 52,
- Ұлытау облысында – 41,
- Қостанай облысында – 49,
- Қызылорда облысында – 102,
- Маңғыстау облысында – 34,
- Павлодар облысында – 49,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 24,
- Түркістан облысында – 20.
Қазір Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймақта", ал қалған қалалар "жасыл аймақта" тұр.
Пікір қалдыру