Болат Назарбаев қаңтар оқиғасы кезінде қайда болды? Қызы Гүлмира Әбішова жауап берді

/image/2022/07/27/crop-73_11_523x929_4f7ab68e0e84dd6241f12b0a268a0dab.webp

Қаңтар оқиғасы кезінде Болат Назарбаев Израилде болған. Бұл туралы Назарбаевтың үлкен қызы Гүлмира Әбішова exk.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

– Қаңтар айында біз Қазақстанда болмадық. Ол уақытта әкеміздің өмірі үшін күресіп жаттық. Қазақстанда не болып жатқанынан хабарымыз болмады. Әкеміздің жағдайымен жүрдік. Күніге дұға ететін едік, – деп еске алды Гүлмира Әбішова. 

Сондай-ақ Гүлмира Әбішова Қазақстанға келуге қорықпағанын, бүгінге дейінге ешкімге зиян тигізбегенін айтады. 

– Бұл біздің туған жеріміз. Не үшін қорқуымыз керек? Қалайша елімізге орала алмаймыз? Біз ешкімнен ештеңе тартып алмадық. Ешкімге зиян тигізбедік. Қорқатын себеп те жоқ, – деді Болат Назарбаевтың қызы.

Оқи отырыңыз:

♦ "Достарымыздан ешкім қалмады", "ақиқат Аллаға ғана аян". Гүлмира Әбішеваның сұхбаты

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар