ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨЗІМІЗДЕ ӨНДІРЕМІЗ

/uploads/thumbnail/20170708195817663_small.jpg

Кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру және экономиканы несие ресурстарымен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 және 2015 жылдары Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлуді тапсырды. Бұл туралы Қамшы порталы Айқын-Ақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2014 жылдың сәуір айында Елбасының тапсырмасын орындау үшін өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті жеңілдікпен қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінді. Ұлттық қор қаражатының игерілуінің алғашқы қорытындылары көрсетіп отырғандай, өңдеу секторында оң өзгерістер болып жатыр, бұл қабылданған шараның өзектілігіне дәлел. 

 

Бұрын-соңды болмаған қолдау жағ­дайлары Үдемелі индустриялық-ин­новациялық дамыту жөніндегі мем­ле­кеттік бағдарлама іске асырыла бас­та­ғаннан бері Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі секторы 2008 жылғы көрсет­кіштен 25,8 пайызға өсті, сөйтіп, 2010 – 2014 жылдары жылдық өсім сақталды. Мысалы, 2012 жылдың төрт айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырса, құрылыс материалдары өндірісі­нің жеке индекс көлемі 111,9 пайызды құ­раған. Саланың алдындағы басты міндет – ішкі өндірісті 80 пайызға жеткізе отырып, құрылыс материалдарына деген сұра­нысты қанағаттандыру. Елбасының тапсырмасы бойынша ел Үкіметі жүзеге асырып отырған Индустрияландыру бағдарламасы Қазақстанның құрылыс өнеркәсібін жаңа сатыға көтеруге мүм­кіндік берді. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәлі­ме­тінше, республикамыз бойынша құ­рылыс материалдарын өндіретін 1254 кәсіпорын бар. 2010-2011 жылдары Индус­трия­ландыру картасы аясында жалпы құны 117 млрд теңге болатын 85 инвестиция­лық жоба пайдалануға берілді. Енді екі жылда жалпы құны 211 млрд теңге бола­тын 35 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Құрылыс индустриясын дамытуда «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарла­масын жүзеге асыру негізгі аспектіге айналады. Бұл бағдарлама аясында 2020 жылға қарай 63 млн шаршы метр тұрғын үй аумағы пайдалануға берілмек. Осыған байланысты, 2016 жылға қарай отандық құрылыс материалдарының өндірісін 80 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. ҚР Президентінің бастамасымен еліміз бойынша құрылыс комбинаттарын жасақтау белсене қолға алынуда. Өзге құрылыс мекемелерінен мұның ерек­шелігі сол, құрылыс комбинаттары үй салуға қажетті негізгі жабдықтардың басым бөлігін өздері шығарады. 
Құрылыс комбинаттарына дейін үй салумен айналысатын компаниялар бетон бөлшектерді – бір жерден, құм мен цементті – екінші жерден, техниканы үшінші жерден алатын еді. Ал комбинатта мұның бәрі бар. Бұл бастама еліміздегі ең өзекті болып тұрғын-үй мәселесін үдете шешуге мүмкіндік беріп, құрылыс ин­дустриясын дамытуға стимул береді. Расымен де, кейінгі жылдары отандық құрылыс материалдарының түрі де көбейіп, сонымен қатар оның сапасы да жақсарып келеді. Сапасына мән бермесе, нарықта ойыннан шығып қалаты­нын бүгінде өндірісшілер толығымен түсін­ген. Бәсекеге сай болмаса, өнімді өткізу қиын екені айдан анық. Оның үстіне, өзге елдің анталаған тауар өндірушілері ішкі на­рықтағы бос кеңістікті біле қояды. Өйт­кені тұтынушы сұранысын қанағат­тандыру – өндірушінің басты қағидасы. Инновация және даму министрлігінің мәліметіне қарағанда, елімізде соңғы бес жылда 13 үй құрылысы комбинаты пай­далануға берілген. Өнеркәсіп орындары 11 облыс пен Астанада орналасқан. Ком­бинаттар Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасы бойынша іске қо­сылған. Жыл сайын бұл өнеркәсіп орын­дарында мыңдаған шаршы метр құрылыс бұйымдары өндіріледі. Бұдан басқа 2010 – 2014 жылдары бес цемент зауыты іске қосылған. Олар еліміздің цемент өн­дірісіне өзіндік үлесін қосып келеді. 
Кейінгі жылдары отандық құрылыс саласында металл жабындылары, плас­тикалық терезе мен есіктерді өзімізде жасауды қолға алды. Құрылыс мате­риалдарын өндіруге құлшыныс та­ны­тудың алғашқы оң нәтижелері қазірдің өзінде біліне бастады. Қазір цемент, бетон бұйымдарын, жылу сақтағыш мате­риалдар мен пластмасса құбырларды өндіруде жергілікті өнеркәсіп орындары шетелдік әріптестерінен қалысар емес. Мәселен, 2010 жылы бар болғаны 4,7 миллион тонна цемент өндірілсе, 2014 жылы бұл сан 7,9 миллион тоннаға жетіп жығылған. Биыл осыдан бес жыл бұ­рынғы көрсеткішті екі еселеуге жоспар жасалған. 

Өндіріс  ұлғайса, қосымша тағы жұмыс орындары ашылады
Биылғы мамыр айында Атырау – Ас­трахань трассасы бойында солтүстік өндіріс ауданында өндіріс қуаты жылына 50 000 шаршы метр тұрғын үй және 35 000 текше метр темір-бетон өнімдерін шы­ғаратын Үй құрылыс комбинаты іске қосылды. 
«Direct Construction Service ЖШС» ком­паниясы – Үй құрылыс комби­натының көлемі 10 000 шаршы метр және де 3 цехтен тұрады. Бірінші цех қуыс жа­бын плиталарын шығаруға ар­налған. Екінші цехта бағаналар мен бөренелер өндіретін 12 алдын ала қыздырылған және жай «үстелдер» бар. Үшінші цех жартылай ұзындығы 6 метрден 16 метрге дейін тіреуіштер өндіруге арналған. Цехтың екінші жартысы өнімді ар­матуралауға арналған және де «KR8» арматуралау арнайы техника мен жаб­дықтар шығару саласындағы әлемдік лидер болып табылатын, америкалық компанияның жабдықтарымен жабдық­талған. Каркастағы барлық темір-бетон өнімдері арматурадан тұрады. Цехта бүкіл комбинат үшін арматуралау жасалады. 
«Direct Construction Service» компа­ниясы қарқынды дамып келе жатқан жеке кәсіпорын болып табылады, оның ішінде «ABE&K» ЖШС және «Caspian Business Support» ЖШС еншілес ұйым­дар, «DCS» компаниясы тобының құрам­дас бөлігі. Америкалық бұл технология 11 метрлік жабындыларды тірексіз орнатуға ыңғайлы. Мұндай кең бөлмелер көп­балалы отбасылар үшін аса қолайлы. Жаңа технологиямен өндірілген мате­риалдың тағы бір артықшылығы, тұрғын үй құрылысының жедел жүруіне ықпал етеді. Әзірге мұнайлы өңірдің қажетіне жұмыс істейтін комбинат, келешекте өз өнімін басқа аймақтарға шығаруға ын­талы. Комбинатта қазір 60-тан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс ұлғайса, қосымша жұмыс орындары ашылатын болады. Ал өндірістің ұлғая­тынына сенім мол. Себебі сапалы жаңа өнімге тек тұрғын үй құрылысы саласында ғана емес, Атырау облысында жұмыс жасап жатқан мұнай өндіруші компа­ниялардан да тапсырыстар түсе бастаған. Теңіз кенішінде бой көтеретін мұнай­шылар кентінің мердігер компаниясы комбинатпен келісім жасапты. Нарық айдынына енді шыққан жас комбинат­тың негізгі ұстанымы – «Біз келер ұрпақ­тың болашағын жасаймыз. Біз үшін қыз­мет­тің сапасы, жоғары стандартты сервис және тұтынушының қызығушы­лығымен жұмыс жасау – ұйымның басым бағыты». 
«Direct Construction Service» ЖШС 3 санаттағы құрылыс нысандарын жобалау лицензиясын, тиісті көпжылдық тәжі­рибесін, білікті қызметкерлер шта­тын пайдалана отырып, жобалау кезеңінде келесі жұмыс түрлерін орындауға дайын:
– Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
– Жобалардың арнайы бөлімдерін әзірлеу (құрылысты ұйымдастыру жоба­ларын әзірлеу (ҚҰЖ), жұмысты жүргізу жобалары (ЖЖЖ), технологиялық жобалау, ғимараттар мен құрылыстарды тексеру);
– Қазақстан Республикасының стан­дарттары, нормалары мен ережелері талабына сәйкес шетел компаниялары­мен әзірленген жобалық құжаттамалар­дың бейімделуі (адаптациясы); 
– Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша барлық мүдделі органдар­мен жобалық және жұмыс құжаттарын ке­лісу, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу.
«Direct Construction Service» ЖШС Қазақстан Республикасы аумағында 2 санаттағы құрылыс-монтаж жұмыста­рын атқаруға №0001185 мемлекеттік ли­цен­зия негізінде жұмыс жасайтын құры­лыс-монтаж компаниясы. Компания Қа­зақстан нарығында тіреу және қоршау конструкцияларын салу саласындағы, ішкі және сыртқы инженерлік желілерді тұрғызу бойынша бәсекеге қабілетті компания болып табылады және де ол өзін кез келген күрделі проблемаларды шешу үшін сенімді серіктес ретінде көрсете білді.

Тауарлы бетон өзімізде өңделеді
«Direct Construction Service» ЖШС-ның Атырау қаласында тауарлы бетонды өндіру, сату және жеткізу бір бөлек ба­ғыты болып табылады. Құрғақ қоспа негізіндегі ерітінділерден гөрі, тауарлы бетон (мемлекеттік стандарт мүлтіксіз сақталады) сөзсіз жақсырақ. Компа­нияның мамандары қоспаның ылғал­дылығын, қиыршықтылығын және басқа да көрсеткіштерін жоғарғы дәлдігімен бақылай алады. Қазіргі уақытта осы құ­рылыс материалдары құрылыс жұ­мыс­тарында жиі пайдаланылады. Құры­лыстың сенімділігі үшін осы бетон түріне ар­тықшылық беру керек. Бұл бетон түрін­де барлық ұстастырғыш заттар мен қо­сым­шалардың пропорциялары жоғарғы дәлдікпен сақталған. Тек қана сапаны қатаң бақылау арқылы тауарлы бетон мен ерітінді сенімді бола алады және мә­лімделген эксплуатациялық ерекше­ліктерге ие болады. Ондай мақсаттарға жету үшін компанияның екі өндірістік базасы, оның ішінде бетонараластырғыш құрылғылар, темір жол тұйықтары және тіркелген құрылыс зертханасы бар.
Өндірушісі Elkon және Sany, өнімділігі 120 және 60 куб.м/с екі бетонаралас­тыр­ғыш құрылғылары пайдаланылуда. Өнім сапасы KZ.2310317.01.01.03882 сәйкестік сертификаттары арқылы дәлелденген. 
Бұл зауыт, жоғарыда айтып өткендей, темір-бетон өнімдерін кең түрінде шыға­руға арналған. Олар мыналар: темір-бетонды плиталар, панельдер, ригельдер, тіреуіштер және тағы басқа құрылыс бетон өнімдері. Өнімдер панельді тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік ғима­раттар салу үшін пайдаланылады. Ішкі нарықта өзіндік орнымен таныла алған ұжым. «Біз жинаған тәжірибе мен барлық білімімізді Халықаралық ком­па­ния­лардың принциптері бойынша жұмыс жасайтын компания құрдық» дейді. Компания қызметінің негізгі ба­ғыттары мыналар: 
• Құрылыс нысандарын жобалау, жо­балардың бейімделуі (адаптациясы) және жобалардың сараптамасы
• Жоба мен құрылыстың техникалық қолдауы және мүдделі органдармен жо­баларды келісу үшін көмек көрсету қыз­меттері.
• Құрылыс-монтаж жұмыстары
– Тауарлы бетон мен темір-бетон өнімдерін өндіру және жеткізу.
«Direct Construction Service ЖШС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі америкалық «Spancrete Machinery Corporation» фирмасының қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген өз Үй құрылыс комбинатына иелік етеді. Компанияда өндірілетін өнімдер ло­гистикалық жүйенің тауарлы-транс­порттық ағындарына сәйкес кез келген қиындықтағы тапсырыстарды өз мер­зімінде орындап шығады. «Direct Construction Service» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тиімді құрылымға, өз өндіріс күшіне, заманауи техникалық базаға және аса білікті кадрларға ие бола оты­рып, қазіргі уақыттағы ең маңызды жобаларды іске асыруға мүмкіндігі бар.Мекеменің қызметкерлер құрамы 150 адамнан тұрады, оның ішінде 80 пайызы әртүрлі бағыт бойынша жұмысшылар бригадалары, үй-құрылысы компаниясы кызметкерлері. Компания жобаларды іске асыру үшін осы саладағы ең мықты мамандарды жұмысқа тартады. Үй құ­рылысы комбинаты Атыраудың сол­түстік өнеркәсіп аймағында (Атырау – Астра­хань тас жолы) орналасқан. «Direkt Construction Service» ЖШС директоры Рүстем Рамазанұлының айтуынша, кәсіпорында 150 адам еңбек етеді. 10 инженер қыз­меткері Штаттардан екі айлық курстар оқып, өндірістің үздік технологияларын үйреніп келді, бүгінде өздері де кәсіп­орынның басқа қызметкерлерін оқы­ту­да. «Даму-Өндіріс-2» бағдарламасы бо­йынша 1 млрд 850 млн теңге мөл­шерінде қаржыландырылған. Ал жобаның жалпы құны 3.700 млн теңге. Алдағы уақытта өндірістік қуаттылықты арттыру жос­парланып отыр.
– Қазір комбинатта 60 адам жұмыс істейді. Жаңа технологиялар бо­йынша жылытылған мобильді үйлерді са­латын боламыз. Әрі қарай бұл тұр­балары, батареялары, кіріктірме ро­зеткалары бар блоктар болмақ. Үйлер лего сияқты құрастырылатын болады. Тұтынушыларға тек әрлеу жұмыстары ғана қалады, – деп атап өтті Р.Рамазанұлы. 
Кәсіпорын қазақстандық шикізатты қолданады, шетелден тек химиялық қоспалар ғана жеткізіледі. 
 Үстіміздегі жылдың сәуір айында Атырау қаласының Нұрсая шағын ауда­нында «АВЕ&К» ЖШС мен «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қорының» АҚ ынтымақтастығы меморандумы аясында, «Direct Construction Service» ЖШС бас мердігер ретінде «Жерұйық» (жаңа) тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады. Тұрғын үй кешені 25 пәтерлі 5 қабатты 16 ілеспелі инфрақұрылымды үй болып табылады. Құрылыс барысында меншікті Үй құрылыс комбинатының шығаратын жаңа технологияға сай темір-бетонды панельдерді пайдаланатын бо­лады. Сондай-ақ құрылыс барысында пайдаланылатын бетон меншікті бетон торабының өнімі болып табылады. Ком­пания ең бірінші тұрғызылатын нысан­ның сапасына көңіл бөледі. Жоғары сапалы материалды, құрылыстың жаңа технологиялық процесін қолдану және жоғары білікті, тәжірибелі мамандарды жұмысқа тарту қазіргі уақытта өз нәти­жесін құрылысты мерзімінен бұрын орын­дау түрінде көрсетуде. Компания жас мемлекетіміздің гүлденуі үшін дамуға және барлық мүдделі тұлғалармен қызмет етуге дайын. 
«Direct Construction Service» ЖШС, негізінен, өндірістік нысандар құрылы­сына маманданған. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауында рес­публикамызда тұрғын үй салу мен құрылыс индустриясын дамытуды, сөй­тіп, қазақстандықтардың баспанаға мұқ­таждығын тездетіп шешуді, оның оң­тайлы жолдарын қарастыруды міндеттеді. Аймақтың ғана емес, тұтастай еліміздің құрылыс индустриясының дамуында өзіндік орны бар, отандық «Direct Construction Serviсе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігіндегі бұл кәсіп­орынның негізгі жабдықтары мен қон­дырғы-құрылғылары АҚШ-тан әке­лін­ген. Соның негізінде, серіктес ком­пания жергілікті мамандарды өзінің базасында оқытып, біліктілік деңгейін көтеруді де мойнына алған. Бұдан былай, көп қа­батты тұрғын үй құрылысына қажетті ма­­териалдар түгелдей дерлік осында да­йындалып, шығарылады. Ал керекті шикізаттар көршілес аймақтар мен қазақстандық зауыттардан жеткізіледі. Ең бастысы, баспаналар тез әрі сапалы тұрғызылып, бағасы да базар нарқынан бәсеңдеу болады деп күтілуде. 

Түйін

Жобалық құны 10 млн долларлық комбинаттың жылдық қуаттылығы – 500 мың шаршы метр немесе 35 мың текше метр өнім шығару. Осы сатыда жаңағы айтылған америкалық технологиялар қолданылады. Бөлінген қаражат толығымен игеріліп, кәсіпорынның жабдықтармен қамтылды. Бұған дейін де тілге тиек еткеніміздей, өндірісте тұтынылатын негізгі шикізат түрлері (құм, қиыршықтас, цемент, металл құрастырмалары мен арматуралар т.б.) Ақтөбе, Ақтау, Теміртау (Қарағанды облысы), Қостанай қалаларындағы зауыттардан алынады. Болашақта бұл комбинатта түрлі көлем-пішінмен темір-бетон бұйымдары (көпқабатты үйдің іргетасын қалайтын қададан бастап кірмедәліз баспалдақтары, қабырғалар мен төбе жабындылары, тастамалар дайындалып, біртіндеп тұтастай пәтерлер мен үйлер құрастырылып шығарылады. Осы сатыда жаңағы айтылған америкалық технологиялар қолданылады. Жалпы алғанда, бұл Атыраудағы екінші үй құрылысы комбинаты болып есептелінгенімен, қайталанбас үлгісімен халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкестігі жағынан алғашқысы саналады. Әңгіме барысынан аңғарғанымыздай, дәл осындай қуаттылыққа ие және мүмкіндігі бар алып кәсіпорын тек біздің елде ғана емес, әлемде саусақпен санарлықтай көрінеді. 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар