Аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдеріне көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулер ұйымдастыруды тапсырған еді.
Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың шілде айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.
Кездесуге барлығы 99 көпбалалы отбасы келді, әкімдерге 126 сұрақ қойылды. Оның ішінде 52 сауалға түсініктеме берілді, 37 сұрақ кездесуден кейін пысықталды, тағы 37-сі жұмыс үстінде.
Негізгі сұрақтар:
* тұрғын үй алу (кезекке қою) – 30 (24%);
* білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Artsport бағдарламасы) – 29 (23%);
* әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық – түлік жиынтықтары) – 25 (20%);
* ТҮКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 14 (11%);
* жұмысқа орналастыру – 15 (12%);
* басқалары – 13 (9,5%).
Қала әкімі 2022 жылдың тамыз айына аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен кездесуінің тиісті кестесін бекітті.
Аудан әкімдерінің қаладағы көпбалалы аналармен кездесу кестесі
№ |
Өтетін күні |
Өтетін уақыты |
Өтетін орны |
Алатау ауданы |
|||
1 |
16.08.2022 ж. |
сағат10:00 |
Шаңырақ-2 шағын ауданы Жанкожа батыр көшесі, 26. (Алатау ауданы әкімінің аппараты) |
Алмалы ауданы |
|||
2 |
17.08.2022 ж. |
сағат 10:00 |
Наурызбай батыр көшесі, 106а (Ауданның «Бақытты отбасы» қолдау орталығы) |
Әуезов ауданы |
|||
3 |
04.08.2022ж. |
сағат10:00 |
Алтынсарин даңғылы, 23 (Әуезов ауданы әкімінің аппараты) |
Бостандық ауданы |
|||
4 |
24.08.2022 ж. |
сағат 10:00 |
.Розыбакиев көшесі, 250 Ауданының «Бақытты отбасы» қолдау орталығы) |
Жетісу ауданы |
|||
5 |
26.08.2022 ж. |
Сағат 10:00 |
Жансүгіров көшесі, 65 (Ауданның «Бақытты отбасы» қолдау орталығы) |
Медеу ауданы |
|||
6 |
18.08.2022 ж. |
Сағат 10:00 |
Қарқаралы көшесі, 15 (№ 172 мектеп- гимназия) |
Наурызбай ауданы |
|||
7 |
12.08.2022 ж. |
Сағат 10:00 |
Шұғыла шағын ауданы, 347 үй (Наурызбай ауданы әкімінің аппараты) |
Түрксіб ауданы |
|||
8 |
25.08.2022 ж. |
Сағат 10:00 |
Р.Зорге көшесі, 9 Ауданның «Бақытты отбасы» қолдау орталығы) |
Пікір қалдыру