Ерболат Досаев XXIV сессияны ресми түрде аша отырып, құттықтау сөз сөйледі.
ҚХА мүшелері Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қорытындылап, "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" стратегиясы аясында алдағы кезеңге арналған перспективалық міндеттерді айқындады.
Осылайша, үш негізгі бағыт анықталды:
біріншісі – ҚХА-ның саяси реформаларды жүзеге асырудағы рөлін күшейту;
екінші – ҚХА-ның ақпараттық жұмысын күшейту және қоғамдық әлеуетін жандандыру;
үшіншісі – құқық қорғау қызметін күшейту.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті, ҚХА төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында Ассамблеяның азаматтық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, ҚХА-ның жаңа болмысында бейбітшілік пен келісім саясатының берік институционалдық тірегі болып қала беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде, аналар кеңесінің атқарған жұмыстары туралы Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Махинур Исраилова баяндама жасап, ұлтаралық келісімді нығайтуға және дамытуға үлес қосып отырған аналар кеңесінің әрбір мүшесінің зор еңбегін атап өтті.
Баяндама соңында Алматы қаласы ҚХА Журналистер клубының төрағасы, Республикалық неміс "Deutsche Allgemeine Zeitung" газетінің бас редакторы Олеса Клименкоға сөз берілді. Өз сөзінде ол этносаралық қатынастарды дамыту мен нығайтудағы журналистер клубының маңызды рөлін атап өтті. Журналистер клубы Ассамблея қызметін жариялау бойынша белсенді жұмыс жүргізеді және толеранттылықты нығайтуға, этносаралық, Қоғамдық келісім мен азаматтық бірлікті сақтауға тікелей қатысады.
Қорытындылай келе, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тыңдалды.
Іс-шараның ресми бөлігін қорытындылай келе, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ҚХА-ның барлық мүшелеріне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Ассамблеяға ерекше жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. Ассамблея - тұрақтылықтың кепілі. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар-сапалы адами капитал, тиімділікті көрсететін жұмыстың жинақталған әдістері, сондай-ақ қоғамдық игіліктер үшін жасампаз арнаға бағытталуы тиіс жас азаматтардың әлеуеті.
Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру