Алматы полициясына қосымша өкілет беріледі

/image/2022/08/04/crop-12_65_653x1162_fjm1bnewjhofwdvqyxei3a-default.jpg

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қала полициясына жайма базарларды жабуға құқық берілетінін хабарлады.

Әкімнің сөзінше, бейберекет базарларға қатысты жаңа ережелер жасалған, ол жуық арада қабылданады.

"Енді Полиция департаменті жабайы базарларға айыппұл салуға, оларды жабуға құқық алады. Ереже жасалып, Әділет министрлігіне жіберілді. Олар 2022 жылғы 15 тамызға дейін ережелерге келісім береді деп үміттенеміз" дейді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, ереже күшіне енген соң полиция қала бойынша заңсыз саудаға қарсы күрес жүргізеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар