Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов қызметінен кетті, деп жазады ATPress.kz порталы.
Басылым мәліметінше, шенеунік қызметтен өз еркімен кеткен.
Қайрат Бекенов автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жауапты болған. Бұл қызметте ол бір жарым жыл істеген. Ал оған дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.
Қазіргі уақытта аймақ басшысының екі орынбасары ғана қалды. Бұған дейін екі орынбасары қысқартуға ұшыраған.
Пікір қалдыру