Президент Ерлан Тұрғымбаевты да қызметінен босатты

/image/2022/08/17/crop-61_37_445x792_b254e991ea0fec28205aa778658429df.900.jpeg

Ерлан Тұрғымбаев президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы  Ақорда  хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасынан кейін ішкі істер министрі қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановты Сауда және интеграция министрі лауазымынан, Ерлан Ыдырысовты Қазақстанның Ұлыбританиядағы және басқа бірқатар елдегі елші қызметінен босатқан болатын. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар