Жезқазған қаласының әкімі қазақ тілін білмейтін мемлекеттік қызметкерге ескерту жасады

/image/2022/08/25/crop-0_44_392x696_115447049300.jpg

Жезқазған қаласының жаңа әкімі Қайрат Шайжанов Қарағанды облысының табиғи монополияларды реттеу комитетінің маманына этиканы сақтамағаны үшін ескерту жасады, деп хабарлады kznews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода орыс тілінде сөйлеп отырған комитет маманы, қазақ тілінде сауал жолдаған журналиске мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартқанын көруге болады.

Журналистің "мен сізге қазақша сұрақ қойып тұрмын, неге жауап бермейсіз?" деген сауалына Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің бас маманы Сұлтан Садырбаев  "пожалуйста, не устраиваете здесь балаган" деп жауап береді.

Мұндай жауаптан кейін қала әкімі микрофонды алып, маманға этика сақтауын сұрап және мемлекеттік тілде жауап беру керек екенін айтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар