Шетел азаматы шекараны заңсыз кесіп өтіп, әскерилерге оқ жаудырған – ҰҚК

/image/2022/08/26/crop-10_50_392x697_fab233d2e51efd59e1b67f84a99a6175_1280x720.jpg
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы Кеген ауданындағы Іле Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен мемлекеттік шекараны бұзып өткен шетел азаматы ұсталғанын хабарлады

Комитет мәліметінше, шекара нарядының тоқта және құжатыңды көрсет деген талабын естіген шекара бұзушы өзінің аңшы қаруымен әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсеткен және ізін суытуға тырысқан.

"Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді, олар шекараның таулы учаскесін күзету бойынша қызметтерін жалғастырды. Әскери қызметшілердің ұстау кезінде көрсеткен ержүректігі мен батылдығын ескере отырып, оларды көтермелеу мәселесі қаралуда" делінген ҰҚК ақпаратында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар