Соңғы кездері Қиыр шығыстан Еуропалық одаққа шекара асып, жақсы өмірді мақсат тұтып келгендер саны күннен күнге артуда. ЕО та, өзге бөлек мемлекеттер де мигранттарды қарсы алып, орналастыру тарапынан мүмкіндіктерін тым жоғары бағалап жіберіп, салдарынан біраз қиналып қалғанға ұқсайды. Бұл дағдарыс жаңа мәселелер тудырып қана қоймай, босқындарды орналастыру жөніндегі Дублиндік келісімге мүше-мемлекеттер арасындағы бұрынғы қарама-қайшылықтарын қайта қозғауға мәжбүр етті.
Әлемдік тарихқа 2015 жыл Еуропаның Оңтүстік және Оңтүстік-шығысында орналасқан елдердегі бұрын соңды болмаған миграциялық дағдарыс кезеңі болып енуі әбден мүмкін. Себебі, Еуропалық аймаққа шарасыздан қоныс аударушылар саны ешқашан осыншалық көп болмаған. Swissinfo.ch ақпараттық порталының мәліметтері бойынша, 2015 жылдың қыркүйек айындағы әл-ахуалға сәйкес Еуропаға Жерорта теңізі арқылы өткендер саны 350 мың адамды құраған. Бұл көрсеткіш 2014 жылғы жағдаймен салыстырғанда 60 пайызға жоғары.
Қазіргі уақытта Германияның өзіне ағымдағы жылдың соңына дейін 800 мың босқын барады деп күтілуде. Босқындар ісімен айналысатын швейцариялық федералды секретариаттың болжамы бойынша Швейцарияға 2015 жылы босқын статусын сұрап баратындар саны 29 мыңға дейін баратын көрінеді (2014 жылғы көрсеткіш 23770 адамды құраған).
Дегенмен, босқындарды қорғау ұйымының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта босқындардың 86 пайызы Еуропада емес, дамушы мемлекеттерде өмір сүріп жатыр. Мәселен, Ливан мемлекетінің өзінде қоныс аударғандар саны халық санының 25 пайызын құрайды.
Босқындар, негізінен Ауғанстан, Сирия сынды азаматтық соғыс жүріп жатқан аймақтар мен Эритрея іспетті қатал үстемшіл билік орнаған мемлекеттерден қоныс аударуда.
Соңғы жылдағы Еуропаға қоныс аударып, баспана сұрап, ресми түрде өтініш бергендер саны 660 мыңнан асады. Еуропада мұндай жағдай соңғы рет 1990 ж.ж. Югославиядағы соғыс кезеңінде орнаған болатын.
Назгүл Назар
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру