Сириялық соғыс, миграциялық дағдарыс, Анкарадағы терроризм және еуроинтеграциямен күрес – бұл Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Еуропа және Жапонияға іс-сапарында талқыламақ мәселелерінің тақырыптары. Бұл туралы «Қамшы» порталы euronews.com-ға сілтеме бере отырып хабарлайды.
Жексенбі күні Страсбург қаласына барған Ердоған мырзаны жергілікті халық «Террорға қарсы біргеміз» деген ұранмен қарсы алды.
«Біздің қазіргі басты мәселеміз – бұл терроризм, КЖП (Күрд жұмысшылар партиясы) және КЖП қолдау көрсетіп отырған ХДП (Халықтардың демократиялық партиясы) террористері», - деді Тайып Ердоған. Шетелдік отандастарын жақында өтетін парламенттік сайлауда өзінің партиясын қолдауға шақырған ол: «Бүлікті шығарғандар біздің күрд бауырларымыздың қатарында болуға лайықсыз», - деген болатын. Айта кетейік, Түркиядағы сайлау 1-қарашаға жоспарланған, бірақ шетелдегі жамағаттың 8-қазаннан бастап-ақ дауыс беруіне болады екен.
Митинг өткен ғимараттың алдында Ердоғанның саяси қарсыластары да жиналды. Олар түрік көшбасшысын президенттік ресми іс-сапарының сайлау алды үгіт-насихат ретінде пайдаланылғаны үшін айыптады.
«Оның бұл жерге келуі тіптен орынсыз! Еуропада тұратын түріктер алдында мұндай сайлау алды митинг өткізуге оның құқысы жоқ!», - деді наразылық акциясына қатысушыларының бірі.
Түркиядағы мерзімінен ерте өткелі жатқан сайлау Ердоғанның даму партиясы мен оның саяси бәсекелестері өкілдік ететін Әділеттілік партиясы арасында сәтсіз аяқталған коалициялық келіссөздердің салдарынан жарияланған болатын.
Ердоғанның Түркиядағы азшылық ұлттардың құқын қорғайтын ХДП парламентіне өтуі де саяси жүйені президенттік жүйеге ауыстыруға жол бермеді. Жаңа сайлаудың өтетінін жария еткен ол, парламентте көпшілік дауысқа ие болып, ата заңға өзгеріс енгізуге үмітті.
Назгүл Назар
Пікір қалдыру