Нұрсұлтан Назарбаев "Әл-Азһар" университетінің бас имамы Шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті

/image/2022/09/16/crop-12_29_309x550_d776df873773bdb1ad532dded971feed_resize_w_742_h_365.jpg

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев «Әл-Азһар» университетінің Бас имамы Шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті, деп хабарлады elbasy.kz.

Кездесу астанадағы Бас мешітте оқылған жұма намазынан соң болған.

"Әңгімелесу кезінде тараптар дүние жүзіндегі конфессияаралық диалогтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің аталған үдерістегі маңызды рөлін айрықша атап өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан мен Мысыр арасында қарым-қатынас орнату барысы, соның ішінде жоғары білім беру саласындағы байланыстар туралы өз естеліктерін ортаға салды. Сондай-ақ Қазақстанның экс-президенті Ахмед ат-Тайебтің Съезде сөйлеген сөзінің негізгі тезистеріне қолдау білдіріп, діндер көшбасшылары арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің маңызды екеніне тоқталып өтті" делінген ақпараттық хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар