Назарбаев Астана атауы өзгергеніне қалай қарайды?

/image/2022/09/19/crop-23_7_557x990_2a7782da-0500-485f-9160-097fe68fb002_w1023_r1_s.jpg

Назарбаев билігі тұсындағы идологтардың бірі Ермұхамет Ертісбаев экс-президент елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға қайта өзгертуге қарсы болған жоқ деп санайды. Бұл туралы ол өзінің YouTube-каналында мерзімінен тыс өтетін президент сайлауы туралы видеосының барысында айтты.

 

"Нұрсұлтан Назарбаев (елорда атауын қайтадан Астана деп өзгертуге – ред) қарсы бомағанын анық білем. Өйткені ол астананың негізін қалаушы, қаланың архитекторы ретінде 2003 пе, 2004 жылы ма қалаға Астана атауын беріп, оны өзгертуге ұзақ уақыт қарсы болған. YouTube-тан  оның айтқандарын (Астанаға өз есімін беруге - ред) оңай тауып алуға болады" дейді ол.

 

Бұған дейін мәжіліс депутаттары елордаға бұрынғы – Астана атауын қайтаруды ұсынып, бастама парламент тарапынан қолдау таппаннан кейін, 17 қыркүйекте президенттің ел астанасын Нұр-Сұлтаннан Астанаға ауыстыру жарлығы шыққан.

Елорда атауы Ақмоладан Астана болып алғаш рет 1997 жылғы 1 желтоқсанда өзгертілген.

Ертісбаевтың сөздері шындықпен қаншалықты жанасатынын анықтау қиын. Назарбаев билігі тұсында "сарай бұлбұлы" деген лақап атқа ие болған Ертісбаев 2019 жылы Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметінен босатылып, зейнетке шыққанан кейін де билікшіл көзқарасын, ой-ниеті Ақордамен үндес екенін білдіріп жүрді. Қазір де өзін президент бастамалары мен реформаларының жақтасы ретінде көрсетіп жүр.

Ал экс-президент соңғы уақытта бір-екі мәрте алдына шыққаны болмаса, елордадан есімі алынып тасалғанына байланысты пікір білдірген жоқ.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар