Ертең «Болашақ» халықаралық стипендиясы бірінші тіл мектебінің ресми ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және «Болашақ» халықаралық стипендиясының ресми әкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның бастамасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті базасында Қазақстандағы бірінші тіл мектебі құрылды.
Тілдік даярлықтың негізгі серіктесі білім саласындағы жетекші халықаралық ұйым – Британдық Кеңес болып табылады. Мектеп жұмысы «Болашақ» стипендиаттары алғашқы 6 айда тілді Қазақстанда, қалған 6 айда шетелде оқитын «6+6» ағылшын тілін оқудың жаңа форматын ұсынады. Бұл курс академиялық бағдарламаға түскен стипендиаттардың квоталық санаттарын даярлауға есептелген. Тағылымдамашылар тілді тек Қазақстанда ғана оқитын болады.
Пікір қалдыру