Бүгін белсенділер Қазақстанның сайлау туралы заңына наразылық ретінде Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылының бойында "Қабір" арт-перформансын қойды.
"Қабір" тақтайшасына "Әділ сайлау мен Тәуелсіз Бақылаушылар" сөзі мен #артықайырлыболсын хештегі, күректе "Жаңа Қазақстан-Қаңтар"деп жазылған.
Арт-перформанс жасағандар Жаңа Қазақстан әділ сайлау мен тәуелсіз бақылаушыларды көміп тастағанын бейнелі түрде жеткізе отырып сол арқылы Сайлау туралы заңды қолдамайтынын білдірген.
Құқыққорғаушылар елдегі сайлау туралы заң демократия талаптарына келмейтінін, азаматтардың конституция арқылы кепіл берілген сайлану құқығын шектейтінін айтып сынайды.
Пікір қалдыру