"Кеше ғана Ресей Федерациясындағы вице-прмьер әріптесіммен келіссөз жүргіздім. Өйткені шекараның арғы бетінен бері қарай өте алмай тұрған Қазақстан азаматтары да бар. Осы орайда азық-түлік тиелген көліктерге қатысты РФ жағымен уағдаластық жасалды. Бұл мәселе бойынша тиісті тәртіп енгізілмек, яғни бүгін екі елдің шекара қызметтері өзара келісіп, тиісті әрекеттер жасайды. Сондықтан біздің азаматтар мен азық-түлік тиелген көліктер үшін "жасыл дәлізді" қамтамасыз етуге тырысамыз" деді С. Жұманғарин.
Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарына арналған дәліз бүгін немесе ертең ашылады.
"Ресей Үкіметі өздерінің шекарашыларына тиісті тапсырма берді. Біз де шекара қызметіне осы тәртіп жайында түсіндіреміз. Қазан айы басталғанға дейін бұл мәселе шешіледі" деді министр.
Пікір қалдыру