Белгілі әнші Төреғали Төрәлі бұзақылық жасады деген айыппен уақытша ұстау изоляторын қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментіні басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.
28 қыркүйекте әлеуметтік желіде әнші гидті ұрып, қабағын жарды деген видео тараған. Артынша видео пранк екені туралы да ақпарат шықты. Әбдірахманов видео ешқандай да пранк емес, бұзақылық әрекет еткенін айтады.
28 қыркүйек күні Алматы облысы Кеген ауданы ұлттық парк аумағындағы бұзақылық әрекетке байланысты қылмыстық іс қозғалып, бүгін әнші уақытша тергеу изоляторына қамауға алынған.
"Тергеу барысында жағдайды жанжақты, толық әрі объективті зерделеу үшін заңда көзделген барлық шара қолданылады. қылмыстық іс барысы мен нәтижесі Алматы облысы полиция департаментінің қадағалауында болады" делінген Әбдірахманов хабарламасында.
Пікір қалдыру