Францияда 100 мыңдаған адам зейнет жазын 65-ке дейін ұлғайтуға қарсы наразылыққа шықты

/image/2022/09/30/crop-14_8_652x1160_63285155_605.jpg

 

Францияның әртүрлі қалаларында он мыңдаған адам жалақыны көтеру және зейнет жасын ұлғайту жоспарынан бас тартуды талап етіп демонстрацияға шықты, деп жазады Deutsche Welle басылымы.

Францияның ең ірі кәсіподақ ұйымы – жалпы еңбек конфедерациясының (CGT) мәліметінше, бүкіл ел бойынша өткен 200-ге жуық ереуілге 250 мыңнан астам адам қатысқан. Францияның Ішкі істер министрлігі 179 митингке 118 500 демонстрант қатысқанын хабарлап отыр.

Наразылық акциясын ұйымдастырғандар ел астанасы Парижде наразылық білдірушілер саны 40 мыңға жуық болғанын айтса, полиция олардың санын 13500-ге жетті дейді. Білім министрлігінің мәліметінше, ереуілдерге педагогтардың шамамен 11 пайызы қатысқан. 

Бір күн бұрын Франция үкіметі зейнетақы реформасы туралы консультацияларды ұзартуға келіскен. Жаңа заң 2023 жылдың жазында күшіне енуі керек. Оған сай, зейнет жасы 2031 жылға қарай біртіндеп 65 жасқа дейін өседі. Қазір Франция тұрғындары зейнетке 62 жасында шығады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар