inDriver-дың негізін қалаушы: Жолдың бойынан такси ұстайтын алматылықтарды көріп таңғалдым

/image/2022/09/30/crop-12_1605_1683x2993_141513933100.jpg

inDriver негізін қалаушысы – якутиялық кәсіпкер Арсен Томский. 30 қыркүйекте кәсіпкер AlmaU студенттерімен кездесу өткізді. Бұған "Якутиядан Кремний алқабына дейін" кітабының қазақшаға аударылуы себеп болды.

inDriver компаниясы 2012 жылы құрылған. 10 жылда түрлі кедергілерге тап болып, оларды жеңе білді. Бұл туралы кәсіпкердің өзі жастарға айтып берді:

"Адамды діттеген жеріне жеткізіп салғанға әркім әртүрлі баға қоятын. Біз цифрлық теңсіздікті жойғымыз келді. Сондықтан жолаушыға қалаған бағасын ұсынып, барар жеріне арзанырақ төлеп жетуге мүмкіндік ұсындық. Пиарға ақша бөлген емеспіз. Сервисті өзіміз қолдан келгенше жарнамалайтынбыз. Такси қызметінің қымбаттауы, адамдардың таңдау жасауға мүмкіндік алуы бізге тегін жарнама болды. Онымен қоймай назар аударту үшін неше түрлі жарнамалық акция өткізетінбіз. Айтпақшы, масштабқа шығуды Қазақстаннан бастадық. Себебі Қазақстанға қонақ болып келгенімде көшеде тұрып-ақ такси ұстайтын алматылықтарды көріп таңқалдым. Егер бұл нарықта өссек, одан сайын дамимыз, өсе алмасақ құримыз деп бекіндім. Бастапқыда алдымыздан кедергі шықты. Әлдекімдер табыс тапқымыз келсе, елу пайызын бөлісу керегін айтып ескертті. Келіспедік. Әрмен қарай қарсыласа бердік. Ақыр аяғында олар қасаруымыздан шаршап, бізді жайымызға жіберді".

гнаст

Бүгінгі таңда inDriver-дың алматылық кеңсесі бар. Ол жақта 600-ге жуық адам жұмыс істейді. Арсен Томский алдағы уақытта бұл сан өседі деп отыр.

inDriver-дың негізін қалаушысы Алматыда студенттік зертханалар ашқанын айтып берді. Идеясы бар талантты жастар зертханаға қосылып, әртүрлі жобалар жасай алады. Мысалы, бір топ жас кекештерге арналған мобильді қосымша жасамақ. Арсен Томский құндылығына сәйкес келетін жобаларды барынша қолдайтынын да тілге тиек етті.

Якутиялық кәсіпкер inDriver-дың Қазақстандағы қызмет көрсету сапасын ондық шкала бойынша алтыға бағалайды екен. Алдағы уақытта қызмет көрсету сапасы жоғарылайды деп сендірді.

Жазира Байдалы 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар