Қостанай облысы Денисов аудандық соты үш ресейлікке қатысты іс материалдарын қарады. 25 қыркүйекте шекараны заңсыз кесіп өтпек болған ресейліктер Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлады Ulysmedia.kz порталы.
"Олардың соттылығы туралы мәлімет жоқ. Олар іздеуде жоқ. Қостанай облысы Денисов ауданының сотымен азаматтар жауапкершілікке тартылып, Қазақстаннан тыс Ресей Федерациясына шығарылды", – деді ҰҚК баспасөз қызметі.
ҰҚК ұсталғандар экстремистік ағымдардың жақтаушылары ма деген сұраққа жауап бермеген. Департамент іздеу нәтижелеріне қатысты түсініктеме берген жоқ. Сондықтан ер адамдар өздерімен бірге пышақ пен балтаны қандай мақсатпен алғаны белгісіз.
Пікір қалдыру