ВВС мәліметінше, атыс салдарынан азаматтық тұлғалар зардап шеккен, алайда әзірге қаза тапқандар, жараланғандар туралы нақты дерек жоқ.
Тернополь, Львов, Житомир, Хмельницкий облыстары мен Днепрде жарылыс болған.
Киевте жергілікті уақыт бойынша 8-де 3-4 жерде дүмпу болған. Қала мэрі Виталий Кличко жарылыс Шевченко облысында болғанын мәлім етті.
Киев метросы жұмысын тоқтатып, жерасты бекеттері жансауғалайтын жер ретінде пайдаланылып жатыр.
Никополь ауданында 30-дан астам көпқабатты және жер үйлерге зақым келген. Аурухана, лицей, пошта, дәріхана, кітапхана, дүкен мен кафе және шаштараздар бүлінген.
Пікір қалдыру