Ресейлік әнші Zемфира: Күнде менің елім соғысты тоқтатса екен деп тілеймін

/image/2022/10/10/crop-28_3_1045x1859_909825109_0_0_1882_1059_1920x0_80_0_0_ceeecce79e6cf450ae223bc18f1f65ad.jpg

Ресейлік рок-әнші "Zемфира" сахналық атымен белгілі Земфира Рамазаанова  Кипрдің Лимасол қаласында өткен концертінде Ресейдің Украинаға басқыншылығын айыптап сөйледі. Концерт кезінде түсірілген видео "ЧТД" телеграм каналына жарияланған, деп жазады svoboda.org

"Бүгін соғыстың басталғанына 228 күн болды. 228 күн шындыққа айналған тозақ. Мен сахнада сөйлегенді ұнатпаймын. Сөйлей де алмаймын. Алайда күнде менің елім соғысты тоқтатса екен деп тілеймін", деді әнші. Кейін ол өзінің "Атпаңдар" (Не стреляйте) әнін орындады. 

Ресейден кеткен әнші өзінің халықаралық гастрольдік сапарын 9 қазанда Лимасол қаласында бастады. Енді ол Лимасолдан кейін Тель-Авив, Стамбул, Вена, Прага, Оффенбах-ам-Майн, Гамбург, Берлин, Париж және Гаага қалаларында концерт өткізеді. Турне 3 қарашада Лондонның Royal Albert Hall концерт залында аяқталады.

Ресей армиясы Украина жеріне басып кіргеннен кейін бірнеше атақты орыс музыканты соғысқа қарсы шыққан. Кейін олардың концерт өткізуіне билік тыйым салды. Әртістердің бірі елден кетіп қалса, бірі Ресейде қысымға ұшыраған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар