Қазақстанда 300 323 пациент психикалық проблема бойынша динамикалық бақылауда. 2021 жылы психикалық ауытқулары бар 9 918 пациент және психикалық ауытқу рискі бар 13 361 пациент есепке алынған. бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай жариялаған ақпаратында айтылады.
Министрлік мамандары стигма мен кемсіту психикалық ауытқулары бар адамдардың қоғамға толық қатысуына кедергі келтіретін көрінбейтін қабырғалар сияқты екенін айтады. Мүндай қабырғалар мектепте, жұмыс орнында, мемлекеттік, денсаулық сақтау мекемелерінде және тіпті үйде де бар.
"Психикалық ауруларды кемсіту мен стигматизациялауды тоқтату барлық мекемелердің, әсіресе психикалық ауытқулары бар туыстарымен бірге тұратын адамдардың қатысуын талап етеді. Стигма мен кемсітуді жеңудің ең тиімді шарасы – психикалық денсаулық туралы ақпаратты арттыру және психикалық денсаулық туралы білімді арттыратын заманауи бағдарламаларды енгізу" делінген министрлік хабарламасында.
Бүгінде психикалық денсаулық саласында мамандандырылған көмекті 2 республикалық, 17 өңірлік психикалық денсаулық орталығы (облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда бір-бірден), 83 бастапқы психикалық денсаулық орталығы (қалалық емханалар жанында), 192 кабинет (аудандық емханалар жанында) көрсетеді"
Пікір қалдыру