Болат Назарбаев өзін рейдерлік жасады деп айыптаған кәсіпкерден 500 мың теңге өндіріп алды

/image/2022/10/10/crop-13_14_662x1176_6343edf7710e3071496154.jpg

Алматы қаласы Әуезов ауданының соты Болат Назарбаевтың ар-намыс пен абыройын қорғау туралы арызын қанағаттандырды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюро-қоры.  Экс-президенттің інісі Болат Назарбаев өзін рейдерлік жолмен бизнесін тартып алды деп айыптаған "Алматы Стекло" ЖШС құрылтайшысы Әзім Абдуллаевтан жарты миллион теңге өндіріп алған. 

Әзім Абдуллаев Болат Назарбаевты шыны зауытын рейдерлік жолмен тартып алды деп айыптап, экономикалық сотқа шағым түсірген болатын. Бұл айыптаумен келіспеген Болат Назарбаев ар-намысы мен абыройын қорғау үшін N2 Әуезов аудандық сотына жүгінген. Назарбаев өзінің ұзақ уақыт бойы ауырғанын және физикалық жағынан ешкімге зиян тигізе алмайтынын алға тартқан.

Назарбаевтың өкілі БАҚ пен әлеуметтік желілерде Әзім Абдуллаев талапкердің, яғни Болат Назарбаевтың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқанын айтты. Ол 1,5 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығын өтеуді талап еткен. Сот талапты ішінара қанағаттандырып, 1,5 миллион теңгенің орнына Әзім Абдуллаевтан 500 мың теңге өндіру туралы шешім шығарған. 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар