Орталық сайлау комиссиясында президенттікке кандидаттарды ұсыну кезеңінің қорытындылары туралы жиын өтті. Комиссияға 12 кандидаттың құжаты тапсырылған. Сонымен алдағы мерзімінен бұрын өткелі отырған президент сайлауына кім-кім түсетіні белгілі болды. Олардың тоғызы ер адам, үшеуі әйел.
1. Қажыкен Мейрам Зекешұлы
«Аманат» Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы» ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 4 қазанында тапсырылды.
2. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 5 қазанында тапсырылды.
3. Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 7 қазанында тапсырылды.
4. Тоқаев Қасым – Жомарт Кемелұлы
«AMANAT» партиясы, «Қазақстан Халық партиясы», «Ақ жол» ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 7 қазанында тапсырылды.
5. Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы
«МҰҚАЛМАС» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттар 2022 жылдың 7 қазанында тапсырылды.
6. Әбден Қарақат Жақсылыққызы
«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 8 қазанында тапсырылды.
7. Ерғалиев Талғат Файзуллиұлы
«Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 10 қазанында тапсырылды.
8. Әлиев Жұматай
«Халық демографиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттар 2022 жылдың 10 қазанында тапсырылды.
9. Ғабжалилов Хайролла Мағауияұлы
Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды.
10. Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы
«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттар 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды.
11. Жаңабаев Бақыт Маратоұлы
«Футбол жанкүйерлерінің қазақстандық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды.
12. Бизақова Фатима
«Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. ОСК-ға құжаттары 2022 жылдың 11 қазанында тапсырылды.
Тәуелсіз сарапшылар кандидаттар арасында қазіргі президентпен бәсекеге түсе алатын, қоғамға сөзі өтімді, артында қалың қолдаушысы тұрған, өзін саяси қайраткер ретінде көрсетіп жүрген тұлғалар жоқ екенін айтады.
Пікір қалдыру