Қаңтар оқиғасынан кейін сотталғандардың қай санаты амнистияға ілінеді?

/image/2022/10/19/crop-13_5_653x1162_7723a3ba7115487bb0cfcb7fdfdb277c.jpeg
 

Мәжіліс қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздіктерге қатысқандарға бір реттік амнистия жариялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Жоба тәртіпсіздікке қатысқандардың, ауырлығы шағын және орташа қылмыс жасағандардың үстінен қозғалған істерді тоқтатуды, осы айыптар бойынша сотталғандарды жазадан босатуды, жазасын өтегендерден сотталғанын алып тастауды көздейді.

Ауыр қылмыс жасағандар үшін жаза мерзімінің төрттен үш бөлігі, аса ауыр қылмысқа барғандар үшін жаза мерзімінін жартысы қысқартылады.

Амнистия лаңкестік жасады деп айыпталғандарға, экстремист деп танылғандарға, жемқорлық қылмыстарын, отанға опасыздық жасағандарға, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандарға, азаптаушыларға, кәмілет жасына толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағандарға қолданылмайды.

Рақымшылықтың басты шарттарының бірі – айыпкер кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінуге тиіс.

Амнистия 1500 адамды қамтиды деп жоспарланып отыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар