Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі ауысты

/image/2022/10/21/crop-24_35_639x1135_a12edff52e87e31416e1833cf5cc054e_original.139582.jpg

Ел бірнеше шетелдегі елшілігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. 

Президент жарлығымен:

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Лихтенштейн князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның егеменді әскери госпитальерлері орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. 

Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. 

Асқар Сейдахметұлы Қазақстанның Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Аркен Кеңесбекұлы Қазақстанның Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар