Кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне байланысты айтқан даулы мәлімдемесі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті журналист Асан Анарбайдың сауалына берген жауабында хабарлаған.
Chocofamily басшысы Рамиль Мухоряповтың ресейліктермен кездесу кезінде қазақша білмейтін өзге ұлт өкілдеріне орысша біле тұра қазақ тілінде жауап беру мәдениетсіздік екенін айтқан сөздері дау тудырған. Аталған оқиғадан соң қазақстандықтар Chocofamily өнімдеріне байкот жариялап, оның үстінен Бас прокуратураға депутаттар, жекелеген азаматтар арызданған. Рамиль Мухоряпов болса, әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен кешірім сұрап, артық кеткенін мойындаған.
Пікір қалдыру