Экс-министр Біртанов ісі бойынша сот үкімі шықты

/image/2022/10/28/crop-12_23_396x704_photo_399775.jpeg

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 5 жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Ол "қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" айыбы бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ оған берілген "Құрмет" ордені қайтып алынады.

Біртанов министрлікті 2017-2020 жылдар аралығында басқарған. Оған денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйені жасауға байланысты орындалмаған жұмыс үшін актке жұмыс толық көлемде орындалды деп қол қоюға тапсырма берді деген айып тағылған. Санавияцияны жеке мақсатына қолданды деген айып теріске шығарылды.

Прокурор оны 6 айға қамауды сұраған, алайда сот Біртановты қамамай, тек бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.

Ал экс министр сот шешімімен келіспейтінін, аппеляциялық шағым түсіретінін айтты. 

"Біз сот шешімімен келіспейміз. Әр азаматтың өз құқығы бар. Қорғаушылармен ақылдасып, сөйлесеміз", деді Ержан Біртанов. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар