Георгий Кан: Биылғы жолдау бағдарламалық стретегияның алгаритмі болып отыр

/image/2022/10/31/crop-11_47_436x774_20190301210425.jpg

Қазақстан кәрістері бірлестігі төрағасының кеңесшісі Георгий Кан Қазақстан халқы ассамблеясы президент жолдауын жүзеге асыру бойынша қандай іс-шаралар атқаратынын айтып өтті.

– Биылғы жыл трагедиялық оқиғалармен басталғанын білеміз. Мемлекет басшысы биыл, бір жылда халық алдына екі жолдаумен шықты. Алғашқысы қаңтардағы оқиғалардан кейін наурыздың 16-сында таныстырылды. Сол жерде алғаш рет "Жаңа Қазақстан" бағдарламалық тезисы туралы айтылды. Ал 1 қыркүйектегі жолдауда "Жаңа Қазақстан" бағдарламасы нақтыланып, жүйелене түсті. "Әділетті Қазақстан" түсінігі туралы көп сөз болды. Әл әділетсіздік қаңтар оқиғасына бірден-бір себеп болған фактор. Ұлт байлығы әділетсіз бөлінгені тілге тиек етілді. Ал жолдауда айтылған әр азаматқа тең мүмкіндік берілуі керектігі, әділет орнау қажеттігі туралы бастамалар адамдарды ынталандырады. Жолдауда сондай-ақ адамдардың санасы, көңіл-күйі өзгергенін, нақты іс керегіне баса назар аударылған. Жаңа адамдар, бірлік керек, – дейді ол.

Георгий Кан қазіргі уақытта республикалық, қалалық Достық үйлерінде жолдаудағы міндеттерді орындау бойынша тиісті жұмыстарды айқындау үшін кездесу, талқылаулар өтіп жатқанын айтады.

– Бұл жерде әр этностың жұмыла кіріскені аса маңызды. 1 қыркүйек жолдау жарияланса, араға 10 күн салып, 11 қыркүйекте Алматыда кәрістер съезін өткіздік. Оған аймақтардан делегаттар келіп, жолдауды талқылап, кәрістер қауымдастығы, мәдени бірлестіктер жолдауды орындаудағы әр адамның қызметі туралы кеңестік. Айналаға қарап, әлемде не болып жатқанын қарасақ, Қазақстан буырқанған ортадағы тұрақтылық көрінісі болып отырғанын байқаймыз. Алда президент сайлауы келе жатыр. Ол жерде де жаңа бағдарламалар бар. 7 жылдық, бірақ бір ғана мерзім, жаңа парламент, жаңа мәслихат туралы айтылды. Бұл жерде де сенім мандаты керек. Болашағымыз осы оқиғаларға тығыз байланысты. Сондықтан бүгінде осы өзекті мәселелерді шешуден асқан маңызды шаруа жоқ. Бұл іске бәріміз жұмылып кірісіп кеттік. Халықтық коалиция ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз. Бұны халықтық коалиция құрамына кіретін ассамблея қалай қолдамайды... Қазіргі таңда өзіміздің құрылымдық жағдайымызға қарай нақты жоспарымыз бар. Әрине біз өзімізге тиісті емес қаржы министрлігінің, еңбек министрлігінің мәселесін шеше алмаспыз, бірақ біз бәріне атсалыса аламыз. Біз кеше ғана Атырауда кәріс мәдени орталығында болдық. Ол жерде Қазақстан мен Корея республикалары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай, жолдауды жүзеге асыруға байланысты  арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыс әкімімен жолығып, ол жерде Кореяға жұмысқа барып жатқан отандастырымыздың қызметін заңдастыру жағын талқыладық. бұның бәрі Жаңа Қазақстанда азаматтардың жайлы жай-күйін қамтамасыз ету бағытындағы шаруалар. Биылғы жолдау бағдарламалық стретегияның алгаритмі болып отыр. Соны баса назарға алып, жұмыс жүргізсек болды, басқа бірдеңе ойлап табудың қажеті жоқ. Әркім өз саласынан атсалысса, сонда Жаңа Қазақстанды құрамыз, – Георгий Кан Алматыдағы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар