Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен жастар арасында «Менің отаным – зайырлы Қазақстан» тақырыбына эссе дайындау бойынша шығармашылық байқау өткізілген болатын.
Байқаудың басты талабы қатысушылар әлеуметтік желілердегі өз парақшасында (қазақ немесе орыс тілдерінде) пост эссе жазу және тақырыптық слайд әзірлеу керек болатын.
Ағымдағы жылғы 10 қараша күні «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.
Байқауға қатысып, өзгелерден озық болғандар жүлделі сыйлықтарға ие болды. Жалпы ұтыс қоры 500 мың теңге құрады.
Аталған байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету, жастарды Отанды сүюге, елiмiздiң рәмiздерiн қастерлеуге, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жастар арасында насихаттау болып табылады.
Зайырлылық құндылықтарды насихаттауға, толеранттылықты дамытуға және деструктивті діни ағым идеологиясының алдын алуға бағытталған бұндай байқаулар Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан жалпы халықтың діндар бөлігі мен жастар арасында көптеп ұйымдастырылуда және алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Пікір қалдыру