Ол жерде шақырылғандарға ешқандай жағдай жасалмағаны, оларды ешкім дайындап жатпағаны, көлікпен қамтып, қару беруге мүмкіндік жоғы туралы айтылады.
Қазіргі уақытта Ресейде мобилизацияланғандардың аналары мен әйелдері қоғамдық ұйымдар құрып, жақындарын тауып, оларды қайтаруға немесе әскердегі жағдайын жақсартуға қол жеткізуге тырысып жүр. Әзірге оларды билік елеп отырған жоқ.
Кремль мобилизация кезінде кейбір "қателіктер" барын мойындап, оларды шешетінін айтқан. Алайда мобилизацияланғандар мен олардың жақындары әскери бөлімдер мен фронттағы жағдай әлі де ауыр екенін көрсетіп келеді.
Пікір қалдыру