Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі – жедел штаб

/image/2022/11/30/crop-17_35_653x1162_6386e02f7046c901886531.jpg

Бүгін Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарланып отыр.

30 қарашада таңғы сағат 08.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
 
"Бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарланып отыр", - делінген Үкімет баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сағат 9.00-ден бастап қаланың әлеуметтік нысандары тексеріліп жатыр. Үкімет мүшелері мен жедел штаб қатысушылары Екібастұз қалалық ауруханасында, қабылдау бөлімінде, перзентханада болды. Медициналық мекемелердегі температура 24°C құрайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар