Сенат зейнет жасын ұзартуды тоқтататын заңды қабылдады. Заңға сәйкес, келесі жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру уақытша тоқтатылады. Яғни Қазақстандағы әйелдердің барлығы 2028 жылға дейін 61 жаста зейнетке шығады.
Сонымен қатар, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу, ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен - 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу мәселелері қаралды.
Пікір қалдыру