Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды

/image/2022/12/08/crop-3_68_445x791_6391954a2d5de320468719.jpeg

Президент жарлығымен Қарағанды қаласының әкімі болып келген Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалды. 

Бұған дейін облысты басқарып келген Жеңіс Қасымбек басқа қызметке ауысқаны, жоғарылағаны не төмендегені туралы ақпарат әзірге жоқ. Қасымбек әкім лауазымына ұсынылған кандидаттар арасында да болмады.

Ал Ермағанбет Бөлекпаев осы өңірдің тумасы. 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы бойынша басқармасы аумақтық басқармасының бастығы-Тәртіптік кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Әр жылдары Астанадағы «Сарыарқа», «Алматы» және «Есіл» аудандарының әкімі, президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған. 

Соңғы қызметі – Қарағанды қаласының әкімі. Оған 2020 жылғы қыркүйекте тағайындалған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар