Қазгидромет 10-12 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, қар жауады.
Тек еліміздің батысы, оңтүстігі мен орталығында күн ашық болады деп болжанып отыр. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасындатып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Батыс Қазақстанда ауа температурасы түнде -7-20 градустан -5-15 градусқа дейін, солтүстік-батыста -18-30 градустан -12-22 градусқа дейін, солтүстікте -17-30 градустан -10-26 градусқа дейін, орталықта -20-30 градустан -18-28 градусқа дейін, еліміздің шығысында -15-35 градустан -12-25 градусқа дейін, оңтүстікте -10-30 градустан -7-20 градусқа дейін ауытқиды. Елдің оңтүстік-шығысында түнде -12-25 градус аяз күтілуде.
Пікір қалдыру