"Қажет болса, одан жауап аламыз": Бас прокуратура Челахтың өтініші қосымша зерттелетінін мәлімдеді

/image/2022/12/22/crop-23_5_436x774_63a4358518ead590883204.jpg

Бас прокуратура 2012 жылы "Арқанкерген" шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген айыппен сотталған Владислав Челахтың өтініші қосымша зерттелетінін мәлімдеді.

"Өтініш Бас прокуратураға түсті. Қосымша зерттейміз, себебі іс он жыл бұрынғы. Қажет болса, одан жауап алынады", деді Тәшімбаев Бас прокуратурада өткен брифингте.

Бұған дейін Азаттық радиосы Владислав Челах "Арқанкерген" бекетіндегі 15 адамның өліміне қатысты жағдайды түсіндіруге дайын екенін мәлімдеп, президент Қ.Тоқаевқа хат жазғанын хабарлады. Ол хатта "жасамаған қылмысы үшін" өмір бойына қамалғанын және шекара бекетіне шабуыл болғанын айтқан. Челахтың туыстары хатты электронды түрде президент атына жолдап, хат қаңтарда қаралады деген жауап алған.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар